Бiр жiгiттiң телефонына қоңырау келуде. Жiгiт тұтқаны көтереді. Ал тұтқаның ар жағынан оған былай дейдi: — Сәрсенбi күнi, сағат 15:00 де қала орталығына кел. Бiз сенiң Әкеңдi өлтiрген адамды таптық. Келіп өзің көр. Жiгiт: — Жарайды. 5 минут өткеннен соң, жiгiттiң қызы соғып былай дейдi: — Егер, сәрсенбi күнi сағат 15:00 де келмесең, менен айырыласың. Жiгiт: — Жарайды. Бiрнеше сағаттан кейiн әлгi жiгiттiң достары соғады: — Бауырым, бiз мұнда 1 топ жігітпен төбелесетін болдық. Сәрсенбi күнi сағат 15:00 де кел. Сенсiз болмайын деп тұр, - дейдi. Жiгiт: — Жарайды, — дейді де, анасына келіп: — Қайсысына баруым керек?! — деп ақыл сұрайды. Себебi, оның өмiрiндегi ең маңызды 3 нәрсе: Әкесiн өлтiрген қанішердi анықтау, болашақ жары және достары еді. Анасы былай деп жауап бередi: — Әкең ендi қайтып келмейдi. Қыз да әлі талай кездеседi. Дос дегеніміз — киелi ұғым! Ендеше, достарыңа бар, — дейдi. Сонымен, Сәрсенбi күнi, сағат 15:00 де достарына барады. Олар көлiктен шығып, артқы есiгiн ашады. Ол жерде жігіттің қызы қалыңдық көйлекпен отыр. Ал көлiктiң жүк салғышын ашқанда, Әкесiн өлтiрген адамның басы жатыр екен... Алла сендерге де осындай досты нәсiп етсiн.

Теги других блогов: телефон әке достар жигит